Kyzylorda-news.kz Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиыннан кейінгі кезекті мәжіліс өткізілді.

Мәжілісті аудан әкімі Жандос Еркінбек жүргізіп, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, санитариялық қауіпсіздік, салықтық тәртіп және инфрақұрылым мәселелері жан-жақты қаралды.

Жиын барысында елді мекендердегі ауыз су жүйелері мен судың уақытша тоқтауы, сондай-ақ су сапасына қатысты тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар айтылды. Бұл бағытта тиісті сала басшыларына нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар, ауданда аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстау, түсіндірме жұмыстарын күшейту және залалсыздандыру шараларын жүйелі ұйымдастыру мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ, Темір жол вокзалдарын күрделі жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуі себептері қаралып, құрылыс жұмыстарының уақытылы басталуын және сапалы орындалуын бақылау жүктелді.

Жиын қорытындысымен барлық тиісті мекемелер мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, мәселелер тұрақты бақылауға алынуы тапсырылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: