Kyzylorda-news.kz Ауыз судың орташа тарифі — текше метріне 158 теңге. Енді келер жылдан бастап оның мөлшері 68 теңгеге өсуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Астана қаласының су арнасы мәлімдеді. Коммуналдық кәсіпорын есебінде су бұру және тазарту қызметі бойынша орташа тариф 44 пайызға көтерілетіні айтылған. Яғни қазір орташа тариф текше метріне 174 теңге болса, келер жылы 251 теңгені құрауы мүмкін.

Сондай-ақ 2027 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде тарифтердің жыл сайынғы өсуі шамамен 11 пайыз мөлшерінде болады деп болжанып отыр. Бұған негізгі себеп — еңбекақы қоры мен материалдық шығындар.

"Тарифтің өздеріңізге белгілі өсімі бар. Бірақ ол өсімнің негіздері бар. Біріншіден, жұмысшылардың жалақысын көтеру. Астана су арнасы мекемесінің басқа мекемелерге қарағанда жалақылары төмен. Орташа жалақы 390 мың теңге. Біз алда осы сұрақтарды қарайтын боламыз", - дейді ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің астана қаласы департаменті басшысы Жандос Сәлімов.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: