Арал ауданында көктемгі егін егу науқаны жоспарға сай жүзеге асырылып, дала жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда ауылдық округтерде жер жырту жұмыстары қарқын алып, шаруалар бірлесіп еңбек етуде.

Атап айтқанда, Сексеуіл кентінде жеке кәсіпкер А. Боханов өз иелігіндегі егістік алқапта жер жыртып, көктемгі егіске дайындықты бастап кетті. Ал Аманөткел ауылдық округінде жеке кәсіпкер Е. Төреханов өзінің техникаларын жұмылдырып, белсенді жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ Жетес би ауылдық округінің тұрғындары да ұйымшылдық танытып, бірігіп көктемгі дала жұмыстарына кірісті.

Бұл жұмыстар егін егумен ғана шектелмейді. Ауыл тұрғындары алдағы уақытта бақшалық дақылдар егу мақсатында да жер дайындауды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күнге дейін аудан көлемінде жалпы 212 гектар жер жыртылып, бұл көрсеткіш күн санап ұлғайып келеді. Алдағы күндері де егістік алқаптарын жырту жұмыстары белсенді түрде жалғаспақ.

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Тағы да оқыңыз: