Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесуі Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды халыққа таныстырды.

Айта кетейік, Қаракеткен, Далдабай елді мекендерінің 16 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Бұдан бөлек, 639,1 млн. теңгеге 150 орындық ауылдық клуб құрылысының, 94,1 млн. теңгеге елді мекен кіреберіс автомобиль жолын жарықтандыруға ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру бюджеттік өтінімдер ұсынылды.

М.Шәменов елді мекенін газдандыру жұмыстарына жоба құны 684,2 млн. теңгеге газ жүргізу жұмыстары және 305,1 млн. теңге аудандық маңызы бар М.Шәменов ауылына кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 67,3 млн. теңгеге Жамбыл, Б.Ердүзелова көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Елді мекендегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (электр беру желілері) жаңартуға 340,5 млн теңге бөлініп, жақын арада құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, ауылдық округтерде жүргізіліп жатқан ілкімді істерге және аудандағы оң өзгерістерге ризашылықтарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: