Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, 2025 жылдың I жартыжылдығында Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесуі Бұқарбай батыр, Таң, Ақсу ауылдық округтерінде жалғасты.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта да халықтың ұсынысына сәйкес жаңа жобалар қолға алынатынын жеткізді. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес абаттандыру, аяқсумен қамту, жарықтандыру, ауылдарды газдандыру және жол құрылысы секілді маңызды инфрақұрылымдар кезең-кезеңімен жалғасын табатынын айтты.

Ауыл тұрғындары аудан бойынша атқарылып жатқан ілкімді істерге ризашылықтарын білдіріп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

2025 жылы Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысының жұмыстары 2024 жылы басталып, 2 көшеге (Н.Оспанқұлов, П.Әлпейісов) республикалық бюджет есебінен 50,0 млн теңге қаржы бөлініп, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі таңда қалған 9 көшеге (Ким Яков, Т.Үркімбаев, Ә.Бердаулетов, С.Айтуаров, Ә.Досымбетов, Қ.Сейітов, С.Байқадамов, Ж.Сақтағанова, Қойшығұл) асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 403,1 млн теңге.

Сондай-ақ, елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына 1,5 млн теңге, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарына 725,0 мың теңге жұмсалатын болады.

Бұдан бөлек, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 4,7 млн теңгеге Абай көшесіне темір шарбақ орнату жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы құны 170,2 млн теңгеге 16 көшеге түнгі жарықша орнату жұмыстары жүргізіледі.

Таң ауылдық округі бойынша ауылға кіре берісте көше жарығы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу, №118 орта мектеп ғимаратының қасбетіне ағымдағы жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 3,7 млн теңгеге елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, кіре беріс көшелерге бейнебақылау камералары орнатылды.

Сондай-ақ, 6,5 млн теңгеге ішкі көшелерді жарықтандыру жұмыстары мен 1,7 млн теңгеге мал тоғыту ваннасының құрылысы жүргізілді.

Жалпы құны 350,3 млн теңгеге ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сонымен бірге, биыл «Таң ЛТД» ЖШС-і демеушілігімен құны 40 млн теңгеге Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған ескерткіштің құрылысы жүргізілді.

Жалпы құны 19 млн теңгеге Жаңақоныс елді мекені, Жаңақоныс көшесінің екі беті абаттандыруға темір шарбақтармен қоршау жұмыстары жүргізілді.

Шаруашылықтар демеушілігімен жалпы құны 2,5 млн теңгеге 4 көшеге (Қарасу, С.Сейфуллин, А.Мықтыбаев, Ш.Уалиханов) көше жарық шамдарына жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

Ақсу ауылында 545,2 млн теңгені құрайтын елді мекеніне газ тарату желілерінің және жеткізуші газ құбырының құрылысы жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, 203,6 млн теңгеге елді мекенінің тұрғын үй секторының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы жүргізілді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы 2,6 млн теңге бөлініп, елді мекендегі парк ішін абаттандыру жұмыстары және Т.Боранбаев көшесіндегі арықтарды шарбақпен қоршау жұмыстары жасалды.

Елді мекенді абаттандыру бағдарламасы бойынша 8,3 млн теңге бөлініп, оның ішінде 3,4 млн теңгесіне Ақсу елді мекеніндегі балалар спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстары және қалған 4,9 млн теңгеге Т.Елеусінов көшесіне қоршауларын орнату, дизельдік мотопомпа орнату, «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне ағымдағы жөндеу және елді мекенге 4 дана бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, биыл 164,4 млн теңгеге Ақсу – Беркімбай қалпе аралығындағы аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Елді мекендегі М.Әуезов, Т.Қожағұлов және Ақбөгет көшелерінің құрылысы жобасы бойынша облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға құжаттары ұсынылды.

Сонымен қатар, С.Дәулетбеков, Ақарық, Алғабас көшелерін жөндеуге және С.Дәулетбеков, Конституция, М.Найзабаев, Т.Боранбаев, Т.Елеусінов, Бостай би көшелерінің көше жарығы құрылысына ЖСҚ әзірленіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Демеушілер есебінен жалпы құны 12,0 млн теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде «Сәрке Батыр» ЖШС тарапынан балалар ойын алаңының құрылысы және тұрмысы төмен отбасының үйіне газ жүргізу жұмыстары, «АВ Агро Орда» ЖШС тарапынан «Беркімбай кәлпе» кесенесі аумағындағы сағананы газбен жылыту жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді.

Тағы да оқыңыз: