Kyzylorda-news.kz«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарымқабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген еді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде. Шыны сол, жастарының белсенділігі көңіл серпілтеді.

Қармақшы аудан әкімінің қолдауымен 2023 жылдан бастап ауданға қарасты барлық кент және ауылдық округтерге 150 000 мыңнан бастамашыл топтарға шағын грант беріліп келеді. Өткен жылы

«Qadam» жастар орталығының ұйымдастыруымен Қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында 12 ауылдық округ және 2 кентке 150,000 теңгеден грант беріліп, грант нәтижесінде 11 теннис, 2 домбыра, 1 жылжымалы кинотеатр алынып, жастар үшін қызмет етуде.

Биыл да аталған жоба жалғасын таптыЖақында аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастардың бастамаларын қолдау жобасы аясында» «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен шағын гранттың комиссия отырысы өтті. Барлық кент және ауылдық округтерден келген бастамашыл топтың жетекшілері жобаларын қорғады. Нәтижесінде 16 бастамашыл топқа шағын грант берілді.

Өткен жылы ауылымызда "Үстел теннисі" жобасы қолдау тауып, "COWORKING" орталығына орнатылды. Бүгінде бұл жоба оң нәтиже беріп, тенниске деген жастар арасында қызығушылық артқан болатын. Биыл да бұл жоба өз жалғасын тауып, бүгін аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастардың бастамаларын қолдау жобасы аясында» «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен шағын гранттың комиссия отырысы өтті. Комиссия қорытындысымен 150 000 тг грант қаржысы қанжығамызға байланды. Биылғы жылғы жобамыз «Жылжымалы кинотеатр». Бұл жобаның да жастарға берері көп. Ауыл жастарының кешкі мезгілде бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында ауылдық клуб үйінде айына екі мәрте тегін кино беру жоспарымызда бар. Әсіресе, жаз мезгілінде жастарға бұл үлкен жаңалық болары сөзсіз. Алдағы уақытта бұл жобалар жастар үшін жұмыс жасайтын болады, – дейді Иіркөл ауылдық әкімшілігінің қызметкері Дастан Алманов.

Тағы да оқыңыз: