Kyzylorda-news.kz. Үкімет басшысы жастар ресурстық орталықтарының қызметін сапалы үйлестіруді қамтамасыз ету және орталықтардың басшыларына нақты міндеттер мен КРІ бекіту қажеттігін айтты. Орталықтар жастармен жұмыс істеудің аса маңызды буындарының біріне айналуы тиіс әрі жергілікті жерлердегі жастардың барлық проблемаларын біліп, оларды шешу жолдарын ұсыну қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, жастар тәрбиесі мен адамгершілік аспектілерін де қараусыз қалдырмауды тапсырды.

Жұмысқа уақытша орналаспаған жастардың пайызын төмендету мақсатында кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша еріктілер жобалары іске асырылады. Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатына жүйелі мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ, 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Пысықтау нәтижесінде қосылған индикаторлардың бірі – жастарды жұмыспен және жоғары біліммен қамту. Нақтырақ айтқанда, 2,3 миллион жасты жұмыспен, 2,8 миллион жасты жоғары біліммен қамту көзделген. 

«Жастар және ауыл» бағыты

Бүгінде жастардың 43,7%-ы ауылда тұрады. Тұжырымдамада ауыл жастарының кәсіби дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін іске асыруға бас назар аударылады. Сонымен қатар, кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

Жоғарыда аталған шаралар аясында, 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген.

 

Тағы да оқыңыз: