Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменовтың халықпен кездесуі Қосшыңырау, Қарауылтөбе және Ақжарма ауылдық округтерінде жалғасты.
Кездесуде тұрғындар ішкі көшелерді асфальттау, жайылымдық жер, жарықтандыру, ауыз су, газ желісін жүргізу, электр бағаналарын жаңарту сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
Шаһар басшысы айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді және әрбір ұсынысты үнемі назарда ұстап, олардың шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Айта кету керек, келер жылы Қосшыңырау ауылын газдандыру жобасы бастау алады. Оған республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазір конкурстық жұмыстардың құжаттары әзірленуде.
Қарауылтөбе ауылдық округінде құрылысы басталған ауылдық клуб үйі келер жылдың басында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, елді мекеннің тұрғындар жаңадан қоныстанған аумақтарының электр желілері жаңартылады.
Ал, Ақжарма ауылында амбулатория салынады. Келер жылдың еншісіндегі бұл жұмыстар бойынша құжаттар рәсімделуде.
Қала әкімінің қосшыңыраулықтармен кездесуінде тұрғындар көгілдір отын мәселесін қозғады.
Айта кету керек, келер жылы Қосшыңырау ауылын газдандыру жобасы бастау алады. Оған республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазір конкурстық жұмыстардың құжаттары әзірленуде.


