Kyzylorda-news.kz Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында аграрлық секторға аса мән беріп келеді. Ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшін экономикалық және әлеуметтік негізде стратегиялық жағынан маңызға ие екендігін атап өтті.
Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 2025 жылғы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстары жөнінде арнайы жиын болды.
Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов төрағалық етіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы Прешова Жанар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламаларды жылжыту бойынша бас менеджері Абдуллаева Салтанат «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымының директорының орынбасары Қуанышов Имат бар.
Жиында егін науқанын ойдағыдай өткізу үшін дайындық жұмыстарын пысықтап, көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзім ішінде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолда бар техникаларды толық дайындыққа келтіру керек екені пысықталды.
Сонымен қатар, барлық су нысандарын толық дайындыққа келтіруді, су жолдарын тазалау, оның ішінде егіске қажетті тұқымдар, қажетті қосалқы бөлшектер, тыңайтқыштар, гербицидтер және дизель отынымен дер кезінде қамтамасыз етуді де басты назарда ұстауды айтып өтті.
Жиын барысында кәсіпкерлер мен шаруашылық жетекшілері айтқан маңызды ұсыныстар ескерілді
Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі