Kyzylorda-news.kz Жалағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы бағытындағы өзекті мәселелер талқыланған жұмыс жиналысы өтті.
Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т. Дүйсебаев, «Казсушар» РМК Қызылорда филиалының директорының орынбасары А.Асанбаев, «Арал-Сырдария» бассейіндік инспекциясының басшысы З. Қазтоғанов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының бас маманы Н. Жаналиев, сондай-ақ «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС директоры Ш. Құрбанов қатысты.
Күн тәртібінде мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру, сондай-ақ егінді сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы қолдаудың жаңа тетіктері, субсидиялау талаптары, несие беру механизмдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану, каналдар жүйесі мен су беру режимін үйлестіру мәселелері талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.

