Kyzylorda-news.kz  Бүгін Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркін Әбішевтің төрағалығымен ауыл шаруашылығы санағы туралы және Ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері төңірегінде мәжілісі өтті.

2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап ресми түрде басталады. Бұл – ауыл шаруашылығы саласының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға мүмкіндік беретін маңызды науқан. Санақтың басты мақсаты – ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы жан-жақты, егжей-тегжейлі ақпарат алу.

Жиында алдымен аудандық статистика басқармасының басшысы Е.Қапанов осы мәселе төңірегінде хабарлама жасап, науқанда ақпараттарды шынайы әрі дәйекті түрде алудың маңыздылығын атап өтті.

Мұнан соң ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың І жартыжылдық қорытындысы мен алға қойған міндеттері туралы Ж.Жұбанов хабарлама жасады.

Ауыл шаруашылығы саласында 3,5 млрд. теңгенің өнімдері өңделіп, өсім 101,8 пайызды құрады. Мал және балық шаруашылығында да оң нәтижеге қол жеткізіліп, егістік алқаптары да ұлғаюда. Жәнібек Жарасұлы асыраушы саланың әлеуеті артып келе жатқанын тілге тиек етіп, алда атқарылуы тиіс біршама жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиында көтерілген мәселелерге байланысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Еркін Жұмаханұлы ауданның тазалық мәселесіне қатысты да қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасады.

Тағы да оқыңыз: