Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы әкімі Серік Сермағамбетов ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерін қабылдады. Жиында аудан басшысы асыраушы саладағы жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды саралады. 

«Биыл ауданымызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы өткен жылмен салыстырғанда 106,8 пайызды құрап, оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 102,6 пайыз, егін шаруашылығы бойынша 114,5 пайыз жетті. Бұдан бөлек, биыл біз егін шаруашылығына үлкен басымдық бердік. Бұған дейін ауданымызда егілетін барлық егіс көлемі 160-180 гектарды құрайтын болса, биылғы жетістігіміз еселеп артып, барлығы 704,2 гектар жерге егістік дақылдары орналастырдық. Балық шаруашылығы саласындағы жетістіктерде жетерлік. Жыл басынан бері ауданымыздағы өзен-көлдер мен теңізден 300 тоннадан аса балық ауланды. 3000 мың тоннадан аса теңіз маржаны өңделсе, 2259 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды. Қорыта айтқанда, биыл ауыл шаруашылығы саласында ауқымды тірліктер атқарылды. Аралдық дала еңбеккерлерінің адал да берекелі еңбегі мен маңдай терінің жемісі біздің аудан абыройын асқақтатып, экономикамызды серпілтіуге өзіндік үлесін қосты», - деді Серік Сермағамбетов. 

Аудан әкімі Аралдың озат аудан атанғандығын тілге тиек етіп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе отырып жалғастыруға шақырды. 

Жиын соңында жыл көлемінді толағай тірлігімен, еселі еңбегімен көзге түскен ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері мен аудан тұрғындары құрметке бөленді. 

«Озат ветеринар» номинациясымен, «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісімен, Қазақсатан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен, Облыс әкімінің Алғысымен, Аудан әкімінің Алғысымен бір топ аралдықтарды аудан әкімі марапаттады.
 

50.jpg

Тағы да оқыңыз: