Kyzylorda-news.kz Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, осы заңға ұсынылып отырған түзетулер «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес отырысында жан –жақты талқыланды. 

Кеңес отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері және сарапшылар біздің өңірден ZOOM-конференциясы арқылы партия жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік Кеңес төрағасы Бақдәулет Махашов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев және кеңес мүшелері қатысты. 

Өңірдегі жағдайға тоқталсақ, ресми статистика 2024 жылы облыс бойынша 438 қызметкері бар 232 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс атқарған. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрамына 17 заңды тұлғалар, 14 шаруашылық серіктестіктері, 3 басқа да ұйымдастырушылық құқықтық нысандар, 567 дара  кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары және 276 үй шаруашылықтары кіреді. Олармен өткен жылы 175,3 млн. теңгеге 182,1 тонна өнім өндіріліп, 2023 жылмен салыстырғанда  1,8 есеге артқан. Бүгінгі күні ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaртуға бағытталған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуына үлкен үлес қосуда. Ағымдағы жылы  аталған бағдарлама аясында 5,5 млрд. теңге қаржы қаралып,  559 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі күнге 1,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңде 652,1 млн. теңгеге  74 жоба мақұлданған. Оның ішінде 169 млн теңге қаржы 9 кооперативке қаралған.Қаржыландыру жұмыстары жалғасуда,- дейді  облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев.

Тағы да оқыңыз: