Kyzylorda-news.kz “Ауыл” партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасында “Ауыл нақыштары” фото көрмесі өтті.

Көрмеге партияның ұйымдастыруымен 2024 жылы “Ауыл нақыштары” байқауына келіп түскен туындылар қойылды. Ауылдың керемет көрінісін тосыннан түсірген авторлардың еңбегін қала тұрғындары жоғары бағалап, керемет әсер алды.

Айта кетейік, “Ауыл нақыштары” фото байқауы партияның ықпалымен биыл да жалғасын табуда. Байқаудың жүлде қоры 3 900 000 теңге. Қатысушылар партияның сайтына ауылдың әсем көрінісінен 3 фото жүктей алады.

“Ауыл нақыштары” фото көрмесі өтті 2.jpg“Ауыл нақыштары” фото көрмесі өтті 1.jpg

Тағы да оқыңыз: