Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов шаруалардың жағдайын білмекке арнайы Ыбырай Жақаев ауылында орналасқан "Алтын дән Шиелі" шаруа қожалығына барды.
Мұнда аудан әкімі қожалық төрағасы Асқар Бердібаевпен және қожалықта еңбек етіп, нәпақасын тауып жүрген шаруалармен кездесті. Кездесу барысында шаруалар қожалық тарапынан жұмысшыларға барлық қолдау түрлері жасалып жатқандығын айтты. Аудан әкімі болса, алдағы жиын терім науқанында еккен егіннен шашау шығармай, мол өнім алуға тілектестік білдіріп, қожалыққа сәттілік тіледі.
