Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібектің төрағалығымен «Ауыл аманаты» партиялық жобасының өңірлдерде орындалы бойынша бейне байланыс режимінде жиын өтті. Оған аймақтық және ауамақтық партия филиалдарының төрағалары мен Атқарушы хатшылары қатысты.

«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауыл халықының табысын арттыру. Жобасы аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге де болады.

«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылға облысқа 3,0 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жоба 5 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жобаға қатысатын ауылдық округтер бойынша 300 ден астам жаңа жұмыс орындары ашылып, сүт және ет өндірісі 2-3 пайызға артады. Атаулы әлеуетті көмек алушылар санын 6 пайызға азайту және ауыл халқының орташа табысын 15-20 пайызға арттыру көзделіп отыр.

Жиын барысында партияның Атқарушы хатшысы өңірлік филиалдар басшыларына жобаны тиімді іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жоба қатысушыларына қойлатын негізгі талаптар:

Несие алушының жеке кәсіпкер болып тіркелуі;

Басқа да несиелер бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы;

Мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы;

 Несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс;

Несиені кепілмен қамтамасыз ету;

 Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы(жер телімі, қора және т.б.);

 ӘКК-мен бірлесе құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру;

-Қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу.

Тағы да оқыңыз: