Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашық есік күні өтті.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. 

Ашық есік күні аясында партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева және қалалық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Есмағамбетова Жадыра тұрғындардың өзекті сауалдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен.

- несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін;

- шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - 8.6 млн теңге, ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 27.6 млн теңгеге дейін;

- сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды.

Тағы да оқыңыз: