Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруды тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы ең алдымен, халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған. Ауылдар мен шағын қала тұрғындарының табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, жұмыс орындарын құру, өз өнімдерін шығару.
Осы орайда, бүгін жұмысшы топ мүшелері: аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жетекші маманы А.Қанат «Ауыл аманаты» жобасын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында, Жалаңтөс батыр ауылында болып қайтты.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
«Бұл жоба ауыл тұрғындарына зор мүмкіндік береді. Кәсіп бастау үшін бастысы – қаражат. Міне, осы орайда көмекке келетін жобаның игілігін халық көрсе дейміз. Сондықтан үнемі үздіксіз түсіндірме жұмыстарын егжей-тегжей жүргізудеміз. Жұмыссыздар санын азайтып, аул тұрғындарының әл-ахуалын жақсарту мемлекеттің алға қойған мақсаттарының бірі», – дейді С.Қуатов