Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев 30 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыс жұмысымен танысты.

Бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген негізгі жобалардың бірі. Мердігер компания – «СК

Данекер» ЖШС. Жобаның құны: 2 млрд. 300 млн. теңге.

Құрылыс жұмыстары 92 % атқарылған. 2025 жылдың шілде айында пайдалануға берілуі мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын бақылаудағы басты мақсат – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуі мен құрылыстың сапалы, мерзімінде аяқталуын пысықтау.

Қазіргі таңда, құрылыс алаңында 70 – тен аса азамат жұмыс жасауда, оның 15  - і жергілікті тұрғындар.  Жұмыс барысы қарқынды жүріп жатыр.

Жаңадан салынған аурухананың ашылуы аудан тұрғындары үшін денсаулық саласындағы біршама түйткілді мәселелердің оң шешілуіне ықпалын тигізетін болады.

Жаңа аурухана алдағы уақытта тұрғындардың игілігі үшін жұмыс жасайтын болады. Мердігер мекеме де құрылыс жұмыстарын уақытылы, сапалы түрде аяқтайтынын жеткізді.

FB_IMG_1752271670604.jpg

Тағы да оқыңыз: