Kyzylorda-news.kz Департамент тарапынан 2024 жылдың 12 айында Қызылорда облысындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары, білім беру  денсаулық сақтау, спорт, су шаруашылығы салалары бойынша жүргізілген  барлығы 84 аудиторлық іс-шарамен 34 млрд. 492,3 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 16 млрд. 392,4 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар бойынша ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені 8 млрд. 851,1 млн теңге, немесе 95,1 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 - бабына сәйкес қәзіргі таңда Департаментпен анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шараларын жүргізу жұмыстары жалғасын табуда.

 

Мұрат Есенбаев,

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік

аудит департаментінің сәйкестік аудиті 

бөлімінің басшысы 

Фото: Нұрболат Нұржаубай
 

Тағы да оқыңыз: