Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Бердібай Ұлықбек Өмірбекұлы 1974 жылдың 23 тамызында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында жиырма бес жылға жуық қызмет атқарып келеді. Ол қызмет барысында өзін үлгілі, жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. Ұжымда сыйлы, әріптестері арасында беделді қызметкердің ізін жалғап, ұлы да құқық қорғау саласында еңбек етуді таңдаған.
«Әке көрген оқ жонар, ат тұяғын тай басар» деген қазақтың нақыл сөзіндей полиция подполковнигі Бердібай Ұлықбектің баласы полиция лейтенанты Ұлықбекұлы Бекжан қазіргі таңда Қазалы ауданы полиция бөлімінде Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы лауазымында қызмет атқаруда.
«Мен өз жұмысыммен мақтанамын. Осы салаға келуімді әкеммен байланыстыра аламын. Бала күнімнен әкемнің формасына қарап, қызығушы едім. Мектеп бітірген соң көп ойланбастан бала арманымды жүзеге асыруға бел будым. Орлық-зомбылықсыз қоғамды қалыптастыру әрбіріміз үшін парыз. Сондықтан барша адамзатты мейірімділікке, адамгершілікке шақырамын, – дейді жас маман Бекжан Ұлықбекұлы.
Бөлім қызметкерлерң Полиция династиясы отбасына 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларына аманшылық, бақ пен дәулет, құт-береке тілейді.