Kyzylorda-news.kz.  Талапты жастардың тың идеялары мемлекет дамуына қаншалықты ықпал ететінін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Өркениет көшіне ілескен қоғамда алып күш иелерінің қарымды қабілеттері мен батыл қадамдары аға буын салған сара жолды дамудың дара жолына айналдырғаны анық. Сол үшін де кемел келешектің тұтқасын ұстар жастарға артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Мұны білген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауларында жас мемлекеттің жарқын болашағын жастармен байланыстырды.

Жалындаған жастарға зор қолдау жасалып, келешек ел тұтқаларының әлеуеті көтеріліп келеді. Осы тұста аудан жастары ел ағаларының жанашырлығын көруде. Сенім үдесінен шығып жүрген оларға ауданның атқамінер азаматтары бар жағдайды жасап беруде.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың бастамасымен аудан орталығынан «Аудан жастарының аллеясы» ашылмақ.

Ауданымыздың белсенді жастары ауқымды бастаманың жанынан табылып, жүйелі түрде жүзеге асуына қолдан келгенше көмек беруде. 

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Сондықтан бұған аудан жастары белсенді еңбек етуі тиіс. Бұл ретте, ауданымыздың гүлденуіне, жасыл желекке айналуына аудан жастары үлес қосуымыз қажет. Бұл жер аллеяға айналса, аудан орталғының көркейе түсері анық, – деді "Сырдария жастары" еріктілер штабының төрағасы Абай Тоқтаров.

Осы игі бастаманың бір қадамы ретінде ерікті жастар аллеяның қоршау жұмыстарына келіп, жер қазу жұмыстарын жүргізуде.

 Құрметті аудан жастары! Баршаңызды игі іске ат салысуға шақырамыз! Әлі де жұмыстар бар. Біз біріксек, алынбайтын қамал болмайды. Жастар енжарлық танытпай, еңбек етсе, аудан дамуы айшықты болады, – Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.

Аталған бастама жастарға деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрсеткіші.
 

Тағы да оқыңыз: