Kyzylorda-news.kz. Өздеріңізге белгілі, ауданға қарасты Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінде айтып келмейтін апат салдарынан 3 тұрғын үйде өрт болып, адам өміріне үлкен қауіп төндірді. Қуантарлығы, барлық адамның амандығы мен мал-жанның зардап шекпегені болып отыр.
Сырдария ауданының жастары қашанда кез-келген қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуді әдетке айналдырып келеді. Бұл жолы да, сырдариялық жастар өрттен шығын келген отбасыларға көмек қолын созды.
Жақсылыққа жаны құмар "Сырдария жастары" еріктілер штабының мүшелері өрт оқиғасы болған жерге барып, өрттен қалған заттарды тазалау арқылы көмек көрсетті.
Тұрғын үйлердің ауласын үйінділерден тазартып, қалыпқа келтірді. Жас кәсіпкер, «Углесбыт» ЖШС-нің атқарушы директоры Фархат Расулұлы бауырымыз қолдау көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Біз аудан жастарын қайде де, мақтан тұтамыз. Ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов ауылында орын алған өрт оқиғасынан зардап шеккен отбасыға көмектесті. Шын мәнінде, баспанасынан айырылған отбасына оңай соқпады. Тығырықтан шығу үшін аудан жастары көмекке келді. Ұйымшылдық танытқан белсенді жастар бұған дейін көптеген іс-шаралардың басы-қасынан табылды. Әркез аудан жастары жұдырықтай жұмылып жұмыс жасайтын боламыз, – деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.
Ауыл тұрғындары ауызбірлігі мол аудан жастарына ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.
Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші.
