Kyzylorda-news.kz   Бүгінде қоғамда баспасөз бен тележурналистика, әлеуметтік желілер мен ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды халыққа таратуда үлкен рөл атқарып келеді.
Бүгін осыған орай Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбет жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізіп, пікір алмасты.
Кездесу барысында аудан басшысы журналистер қауымымен елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен елдің игілігі үшін істеліп жатқан жобаларды халыққа насихаттау бағытында сөз қозғап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы және интернет ресурстарындағы өңірімізге қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы бүгінде аудандағы барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға, әсіресе, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына тоқталды. Бұл толымды тіршіліктің барлығын халыққа дұрыс насихаттау бағытында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу соңында БАҚ өкілдері де, бұл мәселелерге қатысты өз ойларын жеткізіп, елдің игілігіне бағытталған істерде, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып, әрі қарай да, бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
 

Тағы да оқыңыз: