Kyzylorda-news.kz.  Апта ағымында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтің  аудан тұрғындарымен  кездесуі өткізілуде. Бұл жолы  Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 жарлығына сәйкес, Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлының аудан халқымен кездесуі Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында жүзеге асты.

Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаты Жұмабек Ембергенов, аудан прокуроры Асқар Кемалов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, дербес бөлім мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Ауылдардағы кездесу жиыны барысында аудан әкімі Берік Сәрменбаев аймақ бойынша жаңалықтармен бөлісіп, аудан  көлемінде атқарылған жұмыстар туралы тізбектеді.

 Бүгін жергілікті тұрғындармен кездесіп, көкейдегі мәселелерін тыңдадық. Шын мәнінде ауылдардың әуелетін жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылады. Қазіргі уақытта аудан көлемінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Жолдар жөнделіп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін жұмыстар жүргізілуде. Біз қашанда күрмеуі шешілмеген мәселелердің  алдын алуға жұмыс жасаймыз, – деді аудан әкімі.   

Аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы аталған елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, тұрғындардың жеке мәселелерімен де қабылдау жүргізді. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
Әрбір елді мекендегі халықтың мәселесін шешу аудан әкімдігінің күн тәртібінен түспейді.

 

 

 

 

Тағы да оқыңыз: