Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды қолға алынуда. Әсіресе, моно және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 5,55 шақырым болатын Арал қаласындағы 7 көшенің автожолының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудан бюджеті есебінен бөлінген 37,9 млн.теңгеге 1,8 шақырым болатын Бөген елді мекенінің көшелері орташа жөндеуден өткізілсе, 21,3 млн.теңгеге 4000 шаршы метрді құрайтын қала көшелерінің автожолдары ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Арал ауданындағы осы және өзге да атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бағамдау мақсатында Аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов және аудандық мәслихат төрағасы Б. Төрахметов бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Алдымен моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыру және жол жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Аталған бағдарлама аясында Арал қаласындағы 7 көшеге асфальт жабындысы төселіп, жарықтандырылатын болады. Қазіргі таңда Ә.Сатаев көшесіне қиыршық тас жайылып, Төле би көшесі асфальтталуда. Құрылыс басында жол жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер мекеменің басшысымен тілдеске аудан әкімінің орынбасары жұмыстың сапалы әрі тыңғылықты атқарылуын баса назарға алуды тапсырды.
Одан соң аудан әкімінің орынбасары мамыр айында басталған темір жол үстінен өтетін аспалы көпір құрылысының басында болды. Мұнда көпір астына салынатын тіреуіш жар орнатуға әзірлік жүргізулуде. Еске салайық, Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір салу құрылысына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Көпірдің ұзындығы 940 метрді құрайтын болса, қосымша екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдары және жақын жерде орналасқан тұрғындарға келеңсіз жағдай тудырмас үшін дыбыс басқыш құрал-жабдықтарымен қамтылатын болады деп жоспарлануда. Жоспарланған жұмыстардың сапалы болуын басшылар қатаң тапсырды.
Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Қ. Әбсұлтанов және аудандық мәслихат төрағасы Б. Төрахметов құрылысы өткен жылы бастау алған «Балықшылар аллеясына» барып, құрылыс жұмыстарымен таныс болды. Өткен жылы Арал қаласының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған «Балықшылар аллеясы» аз уақыттың ішіде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Мүндағы көркейту-көғалдандыру бағытындағы құрылыс жұмыстары әлі де жағасын табуда. Атап өтейік, балықшылар аллесына насос стансасы, маяк, шахмат ойын алаңы мен жаяу жүргіншілер жолы, түнгі жарықшамдар орнатылуда.
Арал қаласындағы атқарылын жатқан жұмыстармен таныстқан аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы, және тиісті сала басшылары құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме басшыларына барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.