Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтар жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, инфрақұрылым және медициналық көмек мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті түсіндірмелер берді.
Аудан басшысы көтерілген мәселелерді бақылауға алып, тиісті сала басшыларына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

