Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі тұрғындармен ашық әңгімелесіп, олардың мәселелерін мұқият тыңдады. Сондай-ақ, көтерілген жайттарға заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Тағы да оқыңыз: