Kyzylorda-news.kz.  Әр апта сайын аудан басшысы жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау өткізетіні мәлім. Осы аптадағы кездесуде бірнеше мәселе көтерілді. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев әрбір тұрғынның мәселесін жеке-жеке тыңдады.

Негізінен, аудан тұрғындарының көкейдегі мәселесі – сан алуан болып табылады. Бірнеше мәселені аудан басшысының назарына ұсынған олар кәсіп ашуға ниетті екендіктерін жеткізді. Бұл ретте, қайтарымсыз грант алу жолдары мен талаптары басты назарға алынды. Сонымен бірге жер мәселесі бойынша келген тұрғындар да, болды. Заң талаптары бойынша тұрғындарға түсіндірме жүргізіліп, жүйелі жұмыстар жасалу керектігі ескертілді. 

«Күнделікті өмірде жергілікті тұрғындар кез келген мәселемен бетпе-бет келеді. Біз үшін әрбір тұрғынның өтініш-тілегі маңызды. Әрине, қабылдауға жазылған жандар өзінің мәселесі шешілуін қалайды.  Сондықтан мүмкіндігінше әрбір мәселені саралап, орындалу барысын қадағалау  – тікелей міндетіміз. Шын мәнінде, жүйелі жұмыстарға иек артып, тұрғындардың өтініш-тілегін қанағаттандыруға барымызды саламыз. Кез келген дүниеге байыппен қараймыз. Бұл ретте, тұрғындардың мәселесін басты назарға алу үшін дербес бөлім мен мекеме басшыларына, Тереңөзек кенті мен ауыл әкімідеріне тиісті тапсырмалар бердім», – деді аудан басшысы.

Тағы да оқыңыз: