Kyzylorda-news.kz. Тұрғындар тілегі қашан да басты назарда. Басшылық пен халық бірлесе жұмыс жасап, билік тұрғындарға құлақ асып, арқа сүйегенде ғана нәтиже болары анық. Осы ретте Сырдария ауданының әкімі Берік Сарменбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға аудан әкімімен қатар тиісті сала басшылары мен мамандары қатысты. Олар алдын ала жазылған тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алда шешімін табатын мәселелер бойынша тұрғындарға түсіндіріп, сұраққа орай жауап берді.
Қабылдауға тұрғындар алдын ала жазылып, аудан әкімінің қабылдауына өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша келіп жатты. Оның ішінде жұмыссыздық мәселесі, тұрғын үй, жол мәселесі және тағы да басқа мәселелер актуалды болды деуге негіз бар. Аудан әкімі мен тиісті сала мамандарына жолданған сауалдардың басым көпшілігі жұмыссыздық, азық-түлік бағасын тұрақты сақтау туралы болды.
Тұрғындар тілегіне мұқият құлақ асқан аудан әкімі әр тұрғынның өтініш тілегі жерде қалмайтынын айтты. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар берілді. Және аталған мәселелер арнайы хаттамалық тапсырма негізінде жүргізіліп, әр мәселенің оң шешім табуы ұдайы бақылауда болатынын жеткізді.