Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Ақмая ауылында Шиелі ауданындағы ірі шаруа қожалықтарының бірі "Ақмая" шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында қызметкерлер шаруа қожалықтың жұмысына дән риза екендіктерін айтып, қожалықтың төрағасына алғысын айтты. Сондай-ақ, шаруа қожалық төрағасы Дәулет Жұмбеков қазіргі таңда жерге қатысты қалыптасқан мәселелердің жоқ екендігін, жер үлесін сұраған азаматтарға тиісті жерлері беріліп жатқандығын жеткізді.

Кездесу соңында аудан басшысы "Ауыл азаматтарында мәселе туындаса кез-келген уақытта келіп, талқылауға дайынмын", деді.

Аудан басшысы "Төңкеріс и К" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. 

Кездесу барысында аудан әкімі ауылды көркейтіп, дамытуға шаруа қожалықтары да мүдделі болу керектігін айтып, үндеу тастады. Сондай-ақ, шаруа қожалықтың еккен егіннен мол өнім алып, қамбаны астыққа толтыруына тілектес екендігін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде "Төңкеріс и К" шаруа қожалығы 1000 гектардан астам жерге күріш, күздік бидай секілді дақылдар егуде. Ал, қожалықта 13 дана трактор, 6 дана комбайн, 7 дана тасымалдағыш көліктер, 2 дана эксковатр т.б техникалар бар.

362258125_1603405350189918_8084361695553572513_n.jpg363404774_1603962316800888_6590069522222074538_n.jpg

Тағы да оқыңыз: