Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына арнайы барып, тұрғындармен кездесті.

Қалалық мәдениет үйінде өткен басқосуда Мұхтар Әуесұлы алдымен ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. 

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өз кезегінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға нақты жауап берді.

Халықпен кездесуде аудан прокуроры Дарын Әбіш те сөз сөйлеп, елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілгенін жеткізді.

Жиын соңында тұрғындар ауданда жыл көлемінде атқарылған істердің барлығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

Тұрғындармен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғани Құрманалиев және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.

Басқосудан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудан прокуроры Дарын Әбіш бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

317932544_3531303133757275_4869596068907961574_n.jpg

 

318241627_3531303723757216_7896948946023509456_n.jpg

Тағы да оқыңыз: