Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков бірқатар шаруа қожалықтың төрағаларымен кездесті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, Шиелі су шаруашылығының басшысы Дихан Әубәкіров пен шаруа қожалықтардың төрағалары қатысты.

Кездесу барысында егістік алқабына берілетін су мәселесі бойынша шаруа қожалықтың төрағалары жан-жақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Кездесуде аудан әкімі Нариман Мақұлбеков өздеріңізге белгілі соңғы жылдары аймағымызда су тапшылығы салдары байқалуда. Қазіргі таңда су мәселесі өзекті екені бәріңізге мәлім. Дей тұрғанмен ауданымызға бөлінген су мөлшерін тиянақты пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қашан да қолдау білдіретінін жеткізді.

Биылғы жылы ауданда барлығы 29 250 гектарға егiс егудің болжамды көлемі бекітілді. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі 11 000 гектарды құрайды, қалған 18 250 гектары басқа дақылдардың үлесінде. Атап айтар болсақ, күздік бидай 1 451 гектар, жаздық бидай 820 гектар, тары 150 гектар, арпа 50 гектар, дән жүгері 110 гектар, мақсары 1 000 гектар, соя 150 гектар, жаңа жоңышқа-3 400 гектар, ескі жоңышқа 5 520 гектар, мал жемдік асқабақ-170 гектар, жемдік жүгері 70 гектар, сондай-ақ, картоп 1 201 гектар, көкөнiс 1 701 гектар және 2 457 гектар бақша дақылдары егіледі.

Кездесу соңында аудан әкімі шаруа қожалық төрпағаларының ұсыныстарын назарға алып, тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: