Kyzylorda-news.kz. Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов Біріккен ұлттар ұйымының «Даму» бағдарламасының жоба әзірлеушісі Гүлнар Магузумова мен халықаралық сарапшы Николай Денисовті қабылдады.

Сарапшы топ өкілдері Арал теңізі бассейніндегі климаттың өзгеруіне бейімделуді арттыруға арналған ауылшаруашылық тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, тұрақты орман өсіру арқылы өмір сүруді нығайту мәселелерін ортаға салып, инновациялық қаржылық құралдармен қолдау көрсетілетін де жеткізді.

Өз кезегінде, аудан басшысы Серік Сағитжанұлы өңірдегі табиғи ерекшеліктерді түсіндіре келе, «Қамыстыбас», «Ақшатау» көлдер жүйесін суландыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен бірге, «Ауылшаруашылығын дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасы» аясында жүргізілген егін көлемін арттыру бойынша және балық, мал шаруашылығында жеткен жетістіктерді де атап өтті.

404459565_3678141729180853_9059417736540772003_n.jpg

Тағы да оқыңыз: