Kyzylorda-news.kz Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй мәселесі, тұрақты жұмыспен қамтылу, әлеуметтік қолдау және өзге де маңызды мәселелер бойынша өз сауалдарын қойып, өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы әрбір мәселені жеке қарап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастыру үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жұмыссыздық мәселесі бойынша келген азаматтарға аудан көлеміндегі бос жұмыс орындары ұсынылып, оларды тұрақты еңбекпен қамту бағытында тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.
Қабылдау қорытындысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жауапты сала жетекшілеріне тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жан-жақты зерделеп, әрбір мәселені заң талаптарына сәйкес және мүмкіндігінше оң шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Фото: Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
