Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбет Майдакөл, Ақжона және Алға ауылдық окургтеріне барып, елді мекендердің тыныс тіршілігімен танысты. Аудан басшысы алдымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қатар жатқан үш ауылдыңда тұрғындары өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтпас бұрын, ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығына ризашылықтарын жеткізді. Қазалы ауданының басшысы мен барша ел азаматтарының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында Мейрамбек Зинабдинұлы Қазалы ауданында аймақ басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жоба жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Аудан әкімі тұрғындармен кездесуден соң ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша, әкімдік ғимараты, дәрігерлік амбулатория, спорт кешені сынды барлық әлеуметтік нысандарға барып, олардың бүгінгі жай-күйіне қанық болды. Әлеуметтік нысандарды аралау барысында білім ошақтарындағы асханаларыныңда жайын көріп, мектеп директорларына асханалардағы санитарлық тазалық мәселесіне аса мән беру керектігін ескертті
Қазалы ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына тазалық ортақ абырой екенін жеткізіп, тұрғындармен бірлесе отырып, әрбір көше мен мекемелердің аулаларына көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
