Kyzylorda-news.kz.  Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ақжарма ауылына сапары барысында  елді мекендегі қос шаруашылықтың  жұмысымен танысты. Ең алдымен  аудан басшысы Ақжарма ауылдық округіндегі «Ақжарма и К» фермер қожалығының жұмысымен танысып, шаруалармен кездесті.

Маңдай тер, табан ақы тоздырып, күннің ыстығына қарамай, ел қамбасын дәнге толтырамыз деген диханшылар биыл да межені жоғары көрсеткешпін орындайтындықтарын жеткізуде.

Өз кезегінде аудан басшысы Берік Әбдіғаппарұлы шаруалардың ілкімді істеріне байланысты пікір білдірді. 

- Халық игілігі үшін жасаған жұмыстарыңыз әрдайым нәтижелі, жемісті болсын! Дала еңбеккерлерінің адал да, берекелі еңбегіне ризашылығымды білдіремін. Ақжарма ауылының диқандары  астықтан  тау тұрғызған  еңбеккерлер екенін жақсы білеміз. Қазіргі уақытта облыс көлемінде аптап ыстық жүруде. Шілденің шелеңгір ыстығына қарамастан  еңбек етіп келе жатқан шаруалардың еңбегін жоғары бағалаймыз,  – деді аудан басшысы.

Бұл ретте, шаруашылық төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Нұрсейітов құрылымдық жұмыстарды таныстырды. 

– Биыл су шаруашылыққа облыс әкімдігінің қолдауымен арнайы бөлінген насостармен жеткізіліп отыр. Былтыр бұл шаруашылыққа облыстық бюджеттен 2 су насосы берілген болатын. Шаруалар мемлекеттік қолдауларды сезініп отырғандарын және бұл қолдаулар үшін аймақ басшысы Н.Нәлібаевқа алғыстарын білдіруде.

Жалпы «Ақжарма и К» 2013 жылдың наурыз айынан құрылып жұмыс жасап келеді. Шаруашылықтың негізгі бағыты - егін егу және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады. Бүгінде 80 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Ауыл шаруашылық жер көлемі 3034 гектарды құрайды. Шаруашылықта биылғы жылы 1350 гектарға күріш, 15 гектарға арпа, 191 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 420 гектар ескі жоңышқаны күтімге алынған. 420 гектар ескі жоңышқаның І-орымынан 630 тонна мал азықтық шөп жиналды, орта өнімі 15,0 цн/га келді, – деді облыстық мәслихат депутаты Қайрат Нұрсейітов.

Ауылдағы сапар кезінде аудан басшысы «Ақжарма 2» ШҚ базасына аудан әкімі  Берік Әбдіғаппарұлы келіп, шаруа қожалық ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, бөлім басшылары және ауыл әкімі қатысты. Аудан басшысы ауылшаруашылық саласы жұмысшыларына аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Аудан басшысы өз сөзінде еңбекқор шаруалардың күріш егудегі тәжірибесі мол және ел қамбасына ақ күрішті құюдағы еңбектері ерекше екеніндігін тілге тиек етті. Шаруашылық төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Марат Бисенов шаруашылықта атақарылып жатқан жұмыстарды аудан әкіміне таныстырды.

– Қашанда Марат Бисенов басқаратын шаруашылықтың жұмысы жанданып келе жатқанын аңғарамыз. Жақында "Amanat" партиясының "Жер аманаты" жобасының жүзеге асуы жөнінде тұрғындармен жүздесу үшін ҚР мәжіліс депуттары келген болатын. Сол кезде аталған шаруашылық құрылымында кездесу сәтті өткізілді. Осындай ілкімді істер жалғасын таба берсін, – деді аудан басшысы.  

Кездесу соңында Берік Әбдіғаппарұлы ұжым қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, аудан экономикасына қосып отырған сүбелі үлестеріне алғыс білдірді.

44381238-f4df-45fb-b62b-8756d96c13fb.jpg

Тағы да оқыңыз: