Kyzylorda-news.kz Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, егін алқаптарындағы жұмыстардың жай-күйімен танысу мақсатында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Ақжар және Дауылкөл ауылдық округтеріне іссапармен барып, бірқатар нысандарды аралады.

Сапар барысында аудан басшысы алдымен Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС-нің №1 егіс алқабының жұмыс барысымен танысты. Аталған серіктестік бойынша жалпы 2 192 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде: күріш – 990 га, мақсары – 405 га, бақша – 2 га, күнбағыс – 2 га, жаңа жоңышқа – 625 га, ескі жоңышқа – 388 га.

Мұнан кейін аудан басшысы «Ақжар»шаруа қожалығының №1 егіс алқабына барып, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Мұнда жалпы 1 842 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған: күріш – 840 га, мақсары – 237 га, жаңа жоңышқа – 237 га, ескі жоңышқа – 374 га. Аудан әкімі егіс алқаптарындағы өнім көлемі, су жеткізу инфрақұрылымы бойынша жауапты сала қызметкерлеріне бірқатар тапсырмаларын берді.

Сонымен қатар, Дауылкөл ауылдық округіндегі №309 гидробекетке барып, нысанның техникалық жағдайын зерделеді. Сапар барысында су көздерінің тиімді пайдаланылуы және су тапшылығының алдын алу бағытындағы жоспарлар талқыланды.

Сапар қорытындысымен аудан басшысы егін алқабының сапасы мен суармалы жерлерді толық қамту мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Тағы да оқыңыз: