Kyzylorda-news.kz Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің баспасөз орталығында аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің І отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев пен кеңес мүшелері және ауылдық округі әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды:
1. Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар барысы туралы
2. Сырдария аграрлы-техникалық колледжі студенттерінің ахуалы: оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері;
3. Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін тиімді шешу, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар барысы;
4. Ауыл жастарының әлеуетін көтеру және олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында атқарылған жұмыстар барысы (Айдарлы, Шіркейлі, Іңкәңдария а/о).
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік іс-шаралар мен спорттық шараларға тарту жұмыстары ұйымдастырылуда. Осы ретте, кеңесте мектеп психологтарымен жүйелі түрде жұмыс жүргізуді, NEET санатындағы жастармен адрестік жұмыстар жүргізіліп, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін тиімді шешуді ұйымдастыруға, кәсіпкерлікке тарту мақсатында бағдарламалар мен жобаларды кеңінен насихаттауға, бітіруші түлектердің жұмыспен қамту мәселелерін, сондай-ақ ауыл жастарының бос уақытын тиімді жүзеге асыру мақсатында спорттық үйірмелер мен іс-шараларға көптеп тартуға, еңбек бригадаларын құру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
