Kyzylorda-news.kz 2026 жылғы 20 қараша сағат 17:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шектеу «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы» автожолының мына учаскелеріне қатысты:
Ақмола облысы: 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
Павлодар облысы: 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).
Жол қозғалысын 2026 жылғы 21 қараша сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған.
Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.
Бүгін «ҚазАвтоЖол» компаниясы сағат 06:00 бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылғанын мәлімдеген еді.
Еске салайық, 20 қарашада сағат 08:40-та ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы» автожолының 11-73 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
