Kyzylorda-news.kz. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5-жағдайы анықталды. Ол қалалық емхананың қызметкері, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Белгілі болғандай, медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» рейсімен келген қыздан анализге қан алған. Бүгін медицина маманына жасалған тесттің қорытындысы шықты, одан коронавирус инфекциясы табылды.

«Қазіргі уақытта ауру жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге орналастырылды», – делінген ақпаратта.

Тағы да оқыңыз: