Атырау облысты полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстағы мектептердің бірінің 9-сынып оқушысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жасөспірім анонимді Telegram-арна құрып, онда 21 сәуір күні Индер ауданындағы мектептерде террористік акті жасалатыны туралы хабарлама жариялаған.

“Жазбамен бірге интернеттен жүктеп алған қарудың суретін салған. Қазіргі уақытта оның осындай басқа да Telegram-арналар құруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, – делінген мәліметте.

Сонымен қоса полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: