Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀ – Kyzylorda News
Басты бет

Аты-жөніңізді қалай өзгертуге болады?⠀

07.10.2021, 12:20

170 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін. Біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀

Қажетті құжаттар тізімі:⠀
– белгіленген үлгідегі өтініш;⠀
– жеке басын куәландыратын құжат;⠀
– 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀

Мелекеттік баж көлемі:⠀
– аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀
– аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК. Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀

Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. ⠀

Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.⠀

0

Пікір қалдыру