Kyzylorda-news.kz Сауд Арабиясының Эт-Таиф қаласына жақын орналасқан Хада ауданындағы Green Mountain Park саябағында "360 градус" аттракцион сынып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oxu.Az Khaleej Times басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға салдарынан 23 адам жарақат алған.
Оқиға болған сәт видеоға түсіп қалған. Кадрлардан аттракционның дәл ортасынан сынып, адамдар отырған кабинаның жерге құлағаны анық көрінеді. Құлау кезінде адамдардың қорқыныштан айқайлаған дауысы естілген.
Жарақат алғандар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге анықталып жатыр.
Видеодан скрин