Kyzylorda-news.kz Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен №5 И.Панфилов атындағы мектеп-лицейінің оқушыларымен «Татулық пен келісім – Тәуелсіз Қазақстанның таңдауы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров және «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев қатысты.

Кездесу барысында «Татулық пен келісім» – Қазақстан халқының басты құндылығы, ел болашағының кепілі. Осындай қасиеттердің арқасында Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықтың, халықтар достығының символына айналды. Әрбір азамат осы құндылықтарды сақтап, нығайтуға үлес қосуы қажет екендігін алға тартты.

Тағы да оқыңыз: