Kyzylorda-news.kz. Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиал Атқарушы хатшысы Шәріп Әбдрахманов, Қызылорда қалалық маслихат хатшысы, «AMANAT» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі Ибадулла Құттықожаев және «Сыр Медиа» ЖШС Бас директорының орынбасары Дәурен Омаров облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті.
Жиын барысында Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер талқыланды.
Кездесуді «AMANAT» партиясы Қызылорда халалық филиал Атқарушы хатшысы Шәріп Әбдрахманов жиынның мақсатын баяндап, жолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Дүйсенбайұлы Жолдауда көтерілген басым бағыттарына тоқталып, өз пікірін ортаға салды.
Ойын ортаға салған БАҚ өкілдері әлеуметтік тұрғыдағы ұсыныстарын жеткізді. Атап айтар болсақ, өңірімізде егілетін ауылшаруашылық өнімдерін өз өңірімізде өңдеу, өндіріс орындарын дамыту, жаңадан жұмыс орындарын ашу мәселелеріне баса назар аудару ұсынылды. Айтылған ұсыныс-пікірлер партия филиалы арқылы назарда болады.

