Kyzylorda-news.kz. **«AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы *Ләйлә* Төрешованың төрағалығымен көшпелі мәжіліс отырысы өтті.**

Мәжіліс отырысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы Қазалы ауданы бойынша Жол картасының орындалу барысы қаралды.

«Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы тұрақты жоғары деңгейде бақылауда тұр. Сондықтан, оның орындалуына барлық тиісті сала бөлімдері мен партия бірлесе, нәтижелі жұмыс жасауымыз қажет. Бүгінгі жол картаның әрбір іс-шарасын талқылау барысында Сіздердің тараптарыңыздан тиісті ұсыныстар беріледі. Осы ретте сол берілген ұсыныстардың әрі қарай орындалуына жауапкершілікпен қарау сұралады» – деді Ләйлә Бегалықызы.

Мұнан соң мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы фракция отырысы өтіп, Жол карта жобаларының орындалуы және және Депутаттық рейтингі мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, облыстық партия филиалы Атқарушы хатшысының Қазалы ауданына сапары барысында «Шипагер» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған Әйтеке би кентінде салынып жатқан 250 орындық мектеп құрылысы да Атқарушы хатшының назарынан тыс қалмады. Құрылыс орнына арнайы барып бақылау жүргізіп, құрылысшыларға білім ордасының сапалы әрі уақытылы берілуі ұдайы партия бақылауында екендігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: