Kyzylorda-news.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда АЭС салу бойынша 6 қазан күні референдум өтетінін ресми мәлімдеді. Енді сол референдумда Қазақстан халқы өз таңдауын жасайды. Аталған мәселеге қатысты Үкіметтің басты аргументі «энергия жетіспейді, АЭС сол энергетикалық тапшылықты жоюға көмектеседі» деген месседж болса, ал халықтың ойында елдің экологиялық қауіпсіздігі бірінші орында тұр.

Осы ретте физика-математика ғылымдарының докторы Медеу Әбішев АЭС- жоғары технологиялық қондырғы, оны салу көп салаға серпін береді және мемлекеттің өркендеуіне, ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуы үшін қажет дейді.

– Бізде ядролық физика институты бар. Одан кейін, біздің жетекші университеттер бәрі осы ядролық физика саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді және бүкіл дүниежүзінің ядро-физикалық орталықтарымен қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға, жас мамандарды тағылымдама алуға жібереміз, – дейді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Медеу Әбішев.

2.jpg

Тағы да оқыңыз: