Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте ауданның бірқатар салаларындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер қаралды.
Жиында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Шәпи ақпараттық жұмыстардың жай-күйі, 2026 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бағытындағы жоспарлар, әлеуметтік жобалардың орындалуы және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ 2026 жылдың 1 мамырына дейінгі атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков білім беру саласының барлық деңгейі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен мектепке дейінгі тәрбие, орта білім сапасы, педагог кадрлардың біліктілігі және инфрақұрылымды дамыту бағыттарына тоқталды.
Мәжілісте аудан басшысы Жандос Еркінбек «Жоспарланған міндеттер сапалы әрі уақытылы орындалуы қажет»,- деп осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Диас Молдабаевқа барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде үйлестіруді және бекітілген көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Фото: Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
