Kyzylorda-news.kz Бүгін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жеңіс Файзуллаев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз- конференциясын өткізді.

-​ Өткен жылы тұрғын үй құрылысына 10 млрд. 122,1 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 7 млрд. 939,6 млн.теңге, ауыз су жүйесін дамытуға 1 млрд. 594,8 млн. теңге, газ желісін жүргізуге 621,5 млн. теңге, электр жүйесі құрылысын бастауға 394,8 млн. теңге, кезекте тұрған тұрғындарға пәтер сатып алуға 15 млрд. 659,9 млн. теңге, жылу жүйесін дамыту мақсатында 300 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды, - деді Жеңісбек Исламұлы.

​ «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауында 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде 400 пәтерді құрайтын көпқабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. 7 қабатты 84 пәтерлі 10 тұрғын үйдің және көпқабатты 50 пәтерлі 10 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Жақын күндері құрылыс жұмыстары бастау алады.

​Бұдан бөлек, «Инженерлік инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында Мәуелі, Сарысу, Майлықұм көшелерінде ауыз су желісі жүргізіліп, Жас Алаш, Теректі, Сарысу көшелері мен Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріне электр желісі тартылды. Қызылжарма ауылдық округінің 1,2,3 ауданында (35 көшеге) 38,25 км тас төселді. Қазір "Бәйтерек" ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді газбен және сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылуда. «Жылу жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауы бөлігін жылумен жабдықтау жобасының құрылысы жүргізілуде.

​«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Ақсуат, Қосшыңырау ауылдық округіне қатысты Досан елді мекені, Қызылжарма, Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек ауылы, Қараөзек бекеті, Айнакөл ауылдарына электр желісі тартылуда.

​Қызылорда қаласында орамішілік газ құбырлары желісін салу (ақ дақтар) жобасы аясында «Гагарин», «Титов», «СПМК-70», «Арай», «КБИ», «Сәулет», «Саяхат», «Бәйтерек», «Орталық», және «Шұғыла» шағын аудандарындағы газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сабалақ саяжайын газдандыру жобасы аясында 4 дана газды басқару блогы қойылып, 12 шақырым газ желісі тартылды. Қалаға қарасты елді мекендерден Қызылөзек ауылдық округіне газ жүйесін тарту үшін жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды.jpg

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: